Үкімет іссапар шығындарын қысқартуды көздеп отыр

Үкімет іссапар шығындарын қысқартуды көздеп отыр

Қазақстанда мемлекеттік бюджет есебінен төленетін қызметтік іссапар шығындарын оңтайландыру жоспарланып отыр. Қаржы министрлігі тиісті өзгерістер қарастырылған құжат жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Жобаға сәйкес, ел ішіндегі және шетелдегі қызметтік іссапарларға жұмсалатын қаражат Үкімет бекіткен тәртіппен өтеледі. Ұсынылып отырған түзетулердің негізгі мақсаты – осы бағыттағы бюджет шығынын азайтып, қаржыны тиімді пайдалану.

Құжат Президент Әкімшілігінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі тапсырмасы және премьер-министр бекіткен бюджеттік бағдарламаларды аудиттеу нәтижелерін іске асыру жөніндегі жол картасы негізінде әзірленген.

Жоба 2026 жылғы 5 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылады.