Esentai City тұрғын үй кешеніндегі жарылыс: екі бала жарақат алған

Esentai City тұрғын үй кешеніндегі жарылыс: екі бала жарақат алған
видео кадры

Алматыда Esentai City тұрғын үй кешені аумағында жарылыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы әкімдігі мәліметінше, 22 қазанда Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылған, артынша өрт шықпаған.

"Алдын ала мәлімет бойынша бұған табиғи газ кетуі себеп болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алған. Медициналық тексерістен өтіп, көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілген.

Қазір жауапты қызметтер оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.