Санжар Боқаевтың бұрынғы видеографы кінәсін мойындап, куәлік беруге келісті

Санжар Боқаевтың бұрынғы видеографы кінәсін мойындап, куәлік беруге келісті
Фото: ашық дереккөзден

Санжар Боқаевпен бірге қылмыстық іс бойынша айыпталып жатқан Ұлан Нүсіпқожа сотта өзіне тағылған айыптарды толық мойындайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Боқаевтың бұрынғы видеографына адамдар тобымен ұрлық жасау, ағаштарды заңсыз кесу және көрінеу жалған ақпарат тарату фактілері бойынша айып тағылған. "За нама уже выехали" телеграм арнасының мәліметінше, Ұлан Нүсіпқожа сотқа осы эпизодтардың мән-жайын, сондай-ақ іске қатысы бар өзге тұлғалардың әрекеттерін баяндауға дайын екенін жеткізген.

Бұған дейін сотталушы Санжар Боқаев жалдаған адвокат Сергей Кимнің қызметінен бас тартқан. Сонымен қатар денсаулығына байланысты оған қатысты бұлтартпау шарасы өзгертіліп, қамауда ұстау үйқамаққа ауыстырылған.