Ресей мен Қытай Марсты зерттеуге арналған бірлескен миссияны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Екі ел ғаламшарды зерттеуге қажетті ғылыми құралдар мен техниканы бірлесіп әзірлемек, деп хабарлайды dalanews.kz.
Бұл туралы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов мәлімдеді.
«Бізде “Чанъэ-7” бірлескен Ай миссиясы бар. Енді Марсты зерттеуге арналған бірлескен миссияны да бастаймыз. Оның аясында ғаламшарды зерттеуге қажетті құралдар мен техника жасалады», – деді ол.
Бакановтың айтуынша, Марсты зерттеу жобасы Ресей мен Қытайдың ғарыш саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттарының біріне айналмақ.
Қазір екі ел ғарышты игеру саласында бірнеше ірі жобаны бірлесіп жүзеге асырып жатыр. Соның бірі – Халықаралық ғылыми Ай станциясын (МНЛС) құру бастамасы. Жобаға 16 мемлекет пен екі халықаралық ұйым қатысады.