Шымкентте есірткі табылған көлікте полицей болған

Шымкентте есірткі табылған көлікте полицей болған
ЖИ: Dalanews.kz

Шымкентте есірткіні заңсыз сақтау дерегі анықталды. Оқиғаға қатысты жедел іс-шаралар кезінде көлікте азаматтармен бірге полиция қызметкерінің де болғаны белгілі болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Шымкент қалалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтаған.

«Жедел іс-шаралар барысында азаматтармен бірге көлікте полицияның аудандық бөлімшелерінің бірінде қызмет ететін полицейдің болғаны да анықталды», – деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.

Осы оқиғадан кейін қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Полицияның мәліметінше, бұрынғы қызметкердің әрекетіне құқықтық баға беріледі.