Астанада түнде дрифт жасаған жүргізуші ұсталды

Астанада түнде дрифт жасаған жүргізуші ұсталды
видео кадры

Астанада патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиға түнгі сағат 00:00 шамасында болған. Патрульдік полиция қызметкерлерінің назарына Ваз Lada көлігінің жүргізушісі іліккен. Ол көлікпен қауіпті маневрлер жасап, жолдың жүріс бөлігінде дрифт жасаған.

Мұндай әрекеттер жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіріп, жол апатына әкеп соғуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері жүргізушіні тоқтатып, оған қатысты тиісті шаралар қабылдады. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

"Бұл дерек бойынша 22 жастағы жүргізушіге заң аясында шара қолданылып, іс материалдары сотқа жолданды. Сот шешімімен құқықбұзушы 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді полиция.