Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстанның Үстел теннисі федерациясының президенті болып сайланды. Ол әкімдік қызметімен қатар федерация жұмысын да басқарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Федерацияның жаңа басшысы қандай бағыттарға басымдық береді?
Жеңіс Қасымбек елде үстел теннисін жүйелі дамытуға, сондай-ақ спортшылардың сапалы дайындалуына қажетті жағдай жасауға басымдық беретінін мәлімдеді.
Федерацияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа басшыны сайлау туралы шешім 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына дайындық аясында қабылданған.
Алдағы әлемдік дода федерация жұмысының негізгі бағыттарының бірі болмақ. 2027 жылы елордада ITTF World Table Tennis Championships Finals чемпионаты өтіп, Астана әлемнің үздік үстел теннисшілерін қабылдайды.