Қазақстандықтардың 4,6%-ы ғана айына 1,1 млн теңгеден астам жалақы алады

Қазақстандықтардың 4,6%-ы ғана айына 1,1 млн теңгеден астам жалақы алады
pixabay.com

Қазақстанда айына 1,1 млн теңгеден астам табыс табатын қызметкерлердің үлесі 5%-ға да жетпейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды dalanews.kz.

Елдегі орташа жалақы 486 мың теңгені құрайды. Зерттеуге енген 3,4 млн қызметкердің 154 мыңы немесе 4,6%-ы айына 1,1 млн теңгеден астам жалақы алады. Олардың 74 мыңға жуығының айлық табысы 1,5 млн теңгеден асады.

Қазақстандықтардың басым бөлігі айына 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін жалақы алады. Бұл санатқа 1,1 млн қызметкер кіреді. Сонымен қатар жұмысшылардың 42%-ының айлық табысы 300 мың теңгеден төмен.

Ең жоғары орташа жалақы шетелдік компанияларда тіркелген. Ондағы қызметкерлер айына орта есеппен 707 мың теңге алады. Ал мемлекеттік құрылымдардағы орташа жалақы шамамен 336 мың теңгені құрайды.