Павлодарда жас волейболшыны ұрған жаттықтырушыға қатысты тергеу басталды

Павлодарда жас волейболшыны ұрған жаттықтырушыға қатысты тергеу басталды
Ашық дереккөз

Павлодарда кәмелетке толмаған волейболшыға күш қолданған жаттықтырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

«Волейбол командасының кәмелетке толмаған қатысушысына жаттықтырушының физикалық күш қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады сейсенбі күні Павлодар облысының полиция департаментінен.

Полиция әлеуметтік желілерде тараған волейбол турниріндегі оқиғаның видеосын назардан тыс қалдырмаған. Жаттықтырушының әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға беріледі.

Полиция мәліметінше, оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Баянтау» спорт кешенінде волейболдан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде Шымкент командасының жаттықтырушысы спортшы қыздардың бірінің басынан қолымен ұрғаны туралы ақпарат тараған.