Түркістанда 9 жастағы "полицейдің" әрекеті әкесін жауапқа тартуға ұласты

Түркістанда 9 жастағы "полицейдің" әрекеті әкесін жауапқа тартуға ұласты
видео кадры

Түркістанда 9 жастағы бала полиция формасын киіп, әкесімен бірге көшеге шыққан. Алайда бұл жағдай әкімшілік іс қаралуына ұласқан, деп хабарлайды dalanews.kz.

Досжан Сұлтанның айтуынша, 26 қазанда олар хаттама толтыру үшін полиция қызметкері келуін шамамен бір сағат күткен. Ер адам болған жағдайға наразылығын білдіріп, нақты не үшін жауапқа тартылғанын түсінбегенін айтты: ұлы форма кигені үшін бе, әлде бала жол бойында жүргені үшін бе?

"Балам полицей болуды армандағандықтан, полиция формасын киді", - деді әкесі.

Полицияның мәліметінше, мәселе формада емес. Ведомство дерегінше, бала кешкі уақытта жолға шығып, көліктерді тоқтатуға тырысқан. Ал әкесі жанында тұрып, болған жағдайды видеоға түсірген.

Полиция мұндай әрекеттер баланың өміріне қауіп төндіргенін айтты. Баламен және әкесімен профилактикалық әңгіме жүргізілген. Ата-ана ретіндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін баланың әкесіне әкімшілік материал толтырылған.