"Сылтауға жол жоқ": Тоқаев Қазақстанға сапалы жолдар керек екенін айтты

"Сылтауға жол жоқ": Тоқаев Қазақстанға сапалы жолдар керек екенін айтты
ЖИ: Dalanews.kz

Келесі жылы барлық автомобиль өткізу пунктін сапалы қайта жаңғырту жұмысын аяқтау қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері" атты Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Алдымызда республикалық және жергілікті маңызы бар барлық автомобиль жолын сапалы салу міндеті тұр. Барлық жолды айтып отырмын. Орталықтағы және жергілікті жерлердегі атқарушы органдар түрлі ережелер мен регламенттерді алға тартып, мәселені бір-біріне сілтеп, нағыз "футболға" айналдырды. Тақырыпты аяқасты етіп, мәселені шешудің орнына оны тұйыққа тіреді. Сондықтан мынадай тапсырма беремін: республикалық маңызы бар, яғни орталықтың қарамағындағы және барлық жолдың шамамен 26 пайызын құрайтын жолдар болсын, әкімдіктердің қарамағындағы жергілікті жолдар болсын - олардың барлығымен Көлік министрлігі арқылы Үкімет айналысуы керек. Қайталап айтамын: бізге өте сапалы жолдар қажет. Битум мен қиыршықтастың сапасын сылтау етуге жол берілмейді", - деді Тоқаев.