Алматы метросында жолаушылардан кастетке ұқсас заттар табылды

Алматы метросында жолаушылардан кастетке ұқсас заттар табылды
видео кадры

Алматы метросында бір күнде екі жолаушының сөмкесінен кастетке ұқсас заттар табылып, осы жағдайларға байланысты қылмыстық істер қозғалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Оқиғалар «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында болған. Жолаушылардың сөмкелері рентген аппараты арқылы тексерілген кезде күдік тудырған заттар анықталған.

Екі жолаушы да мән-жайды анықтау үшін полицияға тапсырылды.

Қазір әр оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Мамандар табылған заттардың суық қаруға жататынын және оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтауы керек.