Күдік тудырған қауіпті чемодан: Астанада шетел азаматтары ұсталды

Күдік тудырған қауіпті чемодан: Астанада шетел азаматтары ұсталды
ІІМ

Елордада тыйым салынған заттарды сақтады және таратты деген күдікпен шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астанада жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетімен бірлесіп, қала прокуратурасының үйлестіруімен тыйым салынған заттарды заңсыз сақтады және таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматын анықтап, ұстады.

Тексеріс барысында күдіктілер мінген Changan көлігінің салонынан чемодан табылды. Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат салынған үш пакет, сондай-ақ, сұйық консистенция құйылған, капсулаларға бөлініп салынған заттар анықталды. Олар есірткіге жататыны көрсетілген.

Бұдан бөлек, ұсталғандардың бірінің сөмкесінен де осыған ұқсас заттар табылды. Барлығы бір келіден аса зат тәркіленді. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.