Қазақстанда 2013 жылдан бері шығарылған Škoda көліктері тегін тексеріледі

Қазақстанда 2013 жылдан бері шығарылған Škoda көліктері тегін тексеріледі
Фото: Škoda Auto

Қазақстандағы Škoda брендінің ресми дистрибьюторы автокөліктерді кері шақыру науқаны басталғанын хабарлады. Бағдарламаға 2013 жылдан бері шығарылған барлық модель қатысады. Бұл науқан VAG концерні брендтерінің ресми өкілдіктері жұмыс істейтін барлық елде басталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кері шақыру науқаны – автокөліктерді қосымша тексеруге және жоғары сапа стандарттарын сақтауға бағытталған автомобиль өнеркәсібіндегі қалыпты тәжірибе. Қазақстандағы Škoda иелеріне көлігінің осы науқанға қатысатынын тексеріп, қажет болған жағдайда ресми сервис орталығына жүгіну ұсынылады.

Кері шақыру науқанының жариялануы автокөлікте ақау бар немесе ол қауіп төндіреді дегенді білдірмейді. Мұндай шаралар өндірушінің сапаны бақылау жүйесі аясында өткізіледі. Ол белгілі бір бөлшектерді дер кезінде тексеріп, қажет болса, өндіруші қарастырған жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.

Кері шақыру науқандары автомобиль брендтерінің өнім қауіпсіздігі мен сенімділігін бүкіл пайдалану мерзімі бойы қамтамасыз етуге бағытталған жауапты ұстанымының бір бөлігі саналады.

Көлік иесі не істеуі керек?

Алдымен науқанның нақты автокөлікке қатысты немесе қатысты емес екенін тексеру қажет. Ол үшін Škoda Qazaqstan-ның ресми парақшасына кіріп, онда көрсетілген нұсқаулықтарды орындау керек.

Сауалнамада өз қалаңызды немесе Škoda-ның ресми сервис орталығы орналасқан тізімдегі ең жақын елді мекенді көрсету қажет.

Одан кейін жеке деректеріңізді, яғни аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді және электрондық пошта мекенжайыңызды толтыру керек. Бұл сервис орталығы қызметкерлерінің тексеру нәтижесі туралы хабарлауына мүмкіндік береді.

Одан әрі автокөліктің алдыңғы әйнегінде көрсетілген VIN-кодты енгізу қажет.

«Өтінім беру» батырмасын басу керек. Өтінімді өңдеу мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды. Тексеруден кейін менеджер хабарласып, көлігіңіздің кері шақыру науқанына қатысатынын немесе қатыспайтынын айтады.

Егер автокөлігіңіз осы бағдарламаға қатысса, 9898 нөмірі арқылы жақын жердегі сервис орталығына хабарласып, қажетті жұмыстарды өзіңізге ыңғайлы уақытқа жоспарлауыңыз керек.

Осы науқан аясындағы барлық жұмыс тегін жүргізіледі.

Алаңдауға негіз жоқ

«Кері шақыру науқандары – автомобиль саласындағы қалыпты тәжірибе әрі Škoda-ның сапаны бақылау жүйесінің бір бөлігі. Мұндай науқандар белгілі бір бөлшектерді қосымша тексеруге және қажет болған жағдайда өндірушінің талаптарына сәйкес профилактикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Автокөліктерде ешқандай күрделі мәселе жоқ екенін атап өткім келеді. Біз көлік иелеріне автокөліктерін тексеріп, егер олар науқан талаптарына сәйкес келсе, ресми дилерге жүгінуді ұсынамыз. Бұл қажетті жұмыстардың орындалғанына және көліктің өндіруші талаптарына сай екеніне көз жеткізудің қарапайым жолы», – деді Škoda дистрибуциясының сатудан кейінгі қызмет көрсету департаментінің директоры Анатолий Смирнов.

Маман Қазақстандағы Škoda ресми дилерлерінен сатып алынған барлық автокөлікке алғашқы екі жыл бойы жүрісіне шектеу қойылмайтын кепілдік берілетінін еске салды. Үшінші жылға арналған кепілдік көліктің жүрісі 100 мың шақырымға дейін сақталады. Бояу жабынына үш жыл, ал тесіп өтетін коррозияға қарсы 12 жыл кепілдік қарастырылған.

Кері шақыру науқанының өткізілуі өндірушінің өнім сапасына жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді. Škoda секілді еуропалық автомобиль брендтері үшін сапаны бақылау көлік сатылған сәтте аяқталмайды. Өндіруші өз модельдерінің пайдаланылуын әрі қарай да қадағалап, қажет болған жағдайда қосымша тексерулер жүргізеді.

Мұндай ұстаным қауіпсіздікке, сенімділікке және клиенттердің ұзақмерзімді сеніміне негізделген еуропалық автомобиль өнеркәсібі стандарттарын көрсетеді. Көлік иесі үшін бұл брендтің жауапкершілікті өз мойнына алып, ықтимал мәселенің пайдалану кезінде туындауын күтпей, алдын ала шара қабылдауға дайын екенін білдіреді.

Сонымен қатар еуропалық брендтің дистрибьюторы барлық модельдерге арналған арнайы ұсыныстарды еске салды.

Қазақстандағы барлық ресми Škoda дилерлік орталығында «Адал еуропалық» ұсынысы қолданылады. Осы бағдарлама бойынша Kodiaq моделінің Selection жинақтамасы 16 990 000 теңге, ал SportLine жинақтамасы 18 690 000 теңге тұрады.

Бағдарламаға 1.4 TSI қозғалтқышымен жабдықталған аңызға айналған Octavia моделі де қатысады. Selection және SportLine жинақтамасындағы лифтбектің бағасы 12 990 000 теңгені құрайды.

Octavia-ның екі литрлік нұсқалары мен қалалық Škoda Karoq кроссоверін «Еуропадағыдай пайыз» бағдарламасы бойынша үш жылға жылдық 0,1 пайызбен сатып алуға болады.

Еуропалық брендтің флагманы Škoda Superb моделіне де 3 миллион теңге көлемінде жеңілдік қарастырылған.