Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған әйелді анықтады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тексеру нәтижесінде құқық бұзушының Астана қаласының 32 жастағы тұрғыны Арай Сәкен екені белгілі болды. Тікелей эфирге шыққан сәтте ол Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерде болған. Аталған дерек бойынша әйелге қатысты әкімшілік шаралар қабылданды. Сот шешімімен ол 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция әлеуметтік желіде жасалған әрекеттер үшін де заң алдында жауапкершілік бар екенін ескертеді. Қоғамдық тәртіпті бұзған кез келген әрекет заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.