Ақтөбе облысында жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңгеден астам салықты төлемеген

Ақтөбе облысында жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңгеден астам салықты төлемеген
жи: dalanews

Ақтөбе облысының табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласында салық заңнамасының бұзылғанын анықтады. Соның салдарынан мемлекетке 1,2 млрд теңгеден астам залал келген, деп хабарлайды dalanews.kz.

Тексеру барысында 2022–2025 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалануға қатысты 127 келісімшарт бойынша салық міндеттемелері толық орындалмағаны белгілі болды.

Прокуратураның шараларынан кейін қазіргі уақытта 600 млн теңгеден астам қаражат өтелген. Бұдан бөлек, 29 компания жалпы сомасы 250 млн теңгеге қосымша салық декларацияларын өз еркімен тапсырған.

Қалған салық міндеттемелерінің толық орындалуын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр.

Прокуратура тексерісінің қорытындысы бойынша қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін салық қызметінің үш қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.