Атырауда қазандық жарылып, бір адам ауруханаға түсті

Атырауда қазандық жарылып, бір адам ауруханаға түсті
Фото: видеодан скрин

Атырауда Sulpak дүкеніне жақын орналасқан қазандықта жарылыс болып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Stan.kz мәліметінше, жарылыстың күшінен маңайдағы үш қабатты тұрғын үйдің терезелері шағылып, екі автокөлікке зақым келген. Жарақат алған адам ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа газ баллонының жарылуы себеп болуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы мен жарылыс себебі анықталып жатыр.