Қазақстанда жолаушылар ұшақтарына спутниктік интернет орнату басталды. Air Astana әуе компаниясының Wi-Fi желісі қосылған алғашқы рейсі 29 қазанда Алматыдан Ташкентке ұшты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әзірге интернет қызметі тек бір ұшақта қолжетімді. Қалған әуе кемелерін 2027 жылы қосу жоспарланып отыр.
31 қаңтарға дейін жабдықталған ұшақтардың барлық жолаушысы Wi-Fi желісін тегін пайдалана алады. Алайда 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап интернетке қол жеткізу шарттары өзгереді.
Атап айтқанда, бизнес-класс жолаушылары мен әуе компаниясының адалдық бағдарламасындағы Gold және Diamond мәртебесінің иелеріне интернет тегін ұсынылады.
Ал адалдық бағдарламасының басқа қатысушылары тек мессенджерлерді тегін пайдалана алады. Қалған жолаушыларға интернетке қосылу үшін ақы төлеуге тура келеді.
Әзірге ақылы интернет қызметінің тарифтері жарияланған жоқ.