Cаин көшесін ұзартып жатыр: Алматыда бір көше бірнеше күнге жабылады

Cаин көшесін ұзартып жатыр: Алматыда бір көше бірнеше күнге жабылады
ашық дереккөз

Алматыда Орталық көшесінің бір бөлігі бірнеше түнге жабылады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Орталық көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

29 қазан мен 3 қараша аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Аруана көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

Бұл учаскені Аруана көшесімен оңтүстік бағытта, Мәдениет шағынауданындағы көшемен шығыс бағытта және Саин көшесімен солтүстік бағытта айналып өтуге болады.