TikTok стримде сағаттап отыратындар әлі сүзгізден өтіп жатыр: тағы біреуі жауапқа тартылды

TikTok стримде сағаттап отыратындар әлі сүзгізден өтіп жатыр: тағы біреуі жауапқа тартылды
ашық дереккөз

Жамбыл облысында TikTok желісінде балағат сөздер айтқан ер адам жазаланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында тікелей эфирде балағат сөздер айтқан 42 жастағы ер адамды анықтады.

Ер адамның тұрғылықты жері жедел анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілді. Сот шешімімен құқықбұзушы жауапкершілікке тартылды.

"Өз кезегінде тұрғын жасаған ісіне өкініш білдіріп, қатесін түсінгенін және алдағы уақытта мұндай әрекетке жол бермейтінін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.