“Қазхром” шахтасында жарақат алған жұмысшы ауруханада қайтыс болды

“Қазхром” шахтасында жарақат алған жұмысшы ауруханада қайтыс болды
Фото: depositphotos.com

29 қазанда Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы шахтада қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, вагондарды тіркеу кезінде тау-кен жұмысшысы жарақат алған. Ол шұғыл түрде Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, қызметкердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

"Қазхром" компаниясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға қажетті көмек пен қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тергеп-тексеру жүргізіледі. Қазіргі уақытта тиісті жұмыстар басталды.