Бірнеше күн бұрын Жаңаөзеннің экс-әкімі Жансейіт Қайнарбаев ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мән-жайы
Сол кезде оның жергілікті спорт саласының өкілімен бірге адам ұрлау ісіне қатысы болуы мүмкін екені хабарланған еді. Кейін шенеунік қамауға алынған. Бұл туралы оның адвокаты жергілікті БАҚ-қа мәлімдеген.
Ал бүгін ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Ведомство өзге мәліметті таратпады.
Қайнарбаев туралы не белгілі?
42 жастағы Жансейіт Қайнарбаев - Маңғыстау облысына танымал тұлға. Ол 2024 жылдың басынан бастап Жаңаөзен қаласының әкімі қызметін атқарған. Ал 2026 жылғы қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі болып тағайындалған.
Бұған дейін оқиғаның мән-жайын жазған едік. Толығырақ мына жақтан оқи аласыздар.