Алматыда абаттандыру талаптарын сақтамаған 43 құрылыс компаниясына жалпы сомасы 5,7 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.
Құрылыс нысандарына мониторинг жүргізу биыл 30 қыркүйектен басталған. Тексеру барысында қала аудандарындағы құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде экологиялық талаптар мен абаттандыру ережелерінің сақталуы бақылауға алынған.
Ең көп заңбұзушылық тротуарларға брусчатка төсеу және бордюр орнату кезінде анықталды. Белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін 33 компания әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл – жалпы заңбұзушылық анықталған компаниялардың 77 пайызы.