2025 жылы Қазақстандағы орналастыру орындарында (қонақ үйлер, отельдер және өзге де нысандар) шетелдік қонақтар саны 2024 жылмен салыстырғанда 10,2%-ға өсіп, 1,43 млн адамға жетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ал отандық келушілер саны 10,67%-ға артып, 8,66 млн адам.
Жалпы келушілер санының өсуі байқалады. Алайда АҚШ пен Ұлыбритания азаматтары бойынша керісінше төмендеу тіркелген - бұл елдерден келген туристер саны 5,9 мың адамға азайған.
Елге келген шетелдіктердің азаматтығы бойынша көрсеткіштер төмендегідей:
Ресей – 429 761 (+28 692)
Қытай – 241 713 (+67 726)
Үндістан – 131 034 (+4 939)
Түркия – 68 633 (+4 606)
Өзбекстан – 45 109 (+5 663)
АҚШ – 41 917 (-4 881)
Германия – 36 688 (+4 495)
Оңтүстік Корея – 29 858 (+2 906)
Қырғызстан – 25 767 (+2 080)
БАӘ – 25 414 (+1 384)
Ұлыбритания – 24 479 (-1 039)
