Қар, жаңбыр және тұман: 31 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қар, жаңбыр және тұман: 31 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: aikyn.kz

31 қазанда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты күн райы сақталады. Дегенмен кейбір өңірлерде тұман түсіп, жаңбыр мен қар жауады. Шығыс аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Қазгидромет" мәліметінше, Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы күндіз +8…+10, түнде -1…-3 градус болады. Қостанайда күндіз +11…+13, түнде -1…-3 градус күтіледі. Көкшетауда термометр бағаны күндіз +8…+10, түнде 0…+2 градусты көрсетеді.

Павлодарда түнде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа +7…+9 градусқа дейін жылынады. Қарағандыда тұман түсіп, температура күндіз +6…+8, түнде -2…-4 градус болады. Жезқазғанда да түнде және таңертең тұман болжанады. Күндіз +10…+12 градус жылы.

Шығыс өңірлерде күн райы күрделене түседі. Өскеменде түнде және таңертең қар жауып, көктайғақ болады. Ауа температурасы күндіз +2…+4, түнде -1…-3 градус шамасында сақталады. Семейде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, жолдарда мұз қатуы ықтимал. Күндіз +5…+7 градус болады.

Батыста күн біршама жылы. Оралда ауа температурасы күндіз +15…+17 градусқа жеткенімен, түнде -2…-4 градусқа дейін төмендейді. Атырауда күн ашық, күндіз +16…+18 градус болады. Ақтөбеде +13…+15 градус жылы. Ал Ақтауда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, ауа температурасы +18…+20 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік аймақтарда жауын-шашын күтілмейді. Таразда күндіз +14…+16, Түркістанда +19…+21 градус болады. Шымкентте ауа +20…+22 градусқа дейін жылынады. Қызылордада күндізгі температура +16…+18 градусты көрсетеді.

Алматыда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты күн райы сақталады. Күндіз +12…+14, түнде +1…+3 градус болады. Қонаевта күндіз +12…+14 градус күтілсе, Талдықорғанда +13…+15 градусқа дейін жылынады. Алайда Талдықорғанда түнгі температура -6…-8 градусқа дейін төмендейді.

Астанада да жауын-шашын жаумайды. Елордада ауа температурасы күндіз +9…+11, түнде -1…-3 градус шамасында болады.