Қазақстан ауыл шаруашылығы жерлері бойынша әлемде 6-орында

Көркем Алдабергенова 02 сәу. 2026 15:15

Қазақстан ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі бойынша әлем елдері арасында алтыншы орында тұр. Бұл көрсеткіштер БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының деректері негізінде жасалған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Рейтингте алғашқы орындарды Қытай, АҚШ және Австралия иеленеді. Одан кейін Бразилия мен Ресей келеді. Қазақстан 2,14 млн шаршы шақырым көрсеткішпен алтыншы орынға жайғасқан. Үздік жетілікті Үндістан түйіндейді.

Әр мемлекет ауыл шаруашылығында белгілі бір бағытқа маманданған. Мәселен, АҚШ – жүгері өндірісі бойынша әлемдік көшбасшы, Бразилия – соя мен қант қамысын өндіруде алда, ал Австралия бидай мен дәнді дақылдарды көп көлемде өндіреді.

Қазақстанда соңғы жылдары егіс құрылымы өзгеріп келеді. Елде бидай алқаптары қысқартылып, табысы жоғары дақылдардың үлесі арттырылуда.

Биыл еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,8 млн гектар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша, басымдық жоғары рентабельді дақылдарға берілген. Атап айтқанда, майлы дақылдар алқабы 55 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 242 мың гектарға, арпа 94 мың гектарға, ал ұйымдасқан шаруашылықтардағы картоп алқабы 10,3 мың гектарға ұлғаяды. Ал бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove