Туысы бірнеше күн бойы баланы қорлаған іс тексерілуде

Самал Асқар 02 сәу. 2026 15:43

Шымкентте кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Dala News.

Құқық қорғаушы Ляззат Ракишева әлеуметтік желіде қала тұрғыны олардың қорына жүгінгенін мәлімдеді. Әйелдің айтуынша, ол перзентханада жатқан кезде 9 жастағы ұлын туыстарына қалдырған. Сол аралықта жақын туыстарының бірі бірнеше күн қатарынан балаға зорлық көрсеткен.

Сонымен қатар дәл осы адам басқа баланы да бірнеше күн бойы қорлағаны анықталған. Қазір ата-аналар полицияға арыз жазып, балалар әділдік талап етіп отыр.

Полиция мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық іс тіркелген. Арызда оқиға 2021 жылы болғаны көрсетілген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып, іс үшін маңызды барлық материалдар жиналып, зерттелуде. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын толық әрі объективті анықтауға бағытталған шараларды жалғастырып жатыр.

Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove