ШҚО-да 48 мектеп директорсыз қалды

Самал Асқар 02 сәу. 2026 16:51

Шығыс Қазақстан облысында мектептерде кадр тапшылығы ушығып тұр, деп хабарлайды Dala News.

Облыстық білім басқармасының басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, өңірде 48 білім беру мекемесінде директор жоқ. Көптеген педагогтер басшылық қызметке баруға құлықсыз.

«Көп мұғалім директор болғысы келмейді, мұғалім болып қала бергенді жөн көреді. Соның салдарынан мектеп басшылары жетіспейді», – деді ол.

Сонымен қатар өңірде мұғалімдер тапшылығы да сақталып отыр. Әсіресе Алтай, Марқакөл және облыс орталығына жақын Ұлан аудандарында кадр жетіспеушілігі байқалады.

Басқарма өкілдері бұл мәселені шешу үшін түрлі шаралар қарастырып жатқанын, соның ішінде кадрларды өңірлерге көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove