Қазақстанда мигранттарды заңсыз рәсімдеу схемасы әшкереленді

Қазақстанда мигранттарды заңсыз рәсімдеу схемасы әшкереленді
Gov.kz

Бас көлік прокуратурасы Қазақстанда мигранттарды ақшаға заңдастырудың кезекті схемасы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, Орталық Азия елдерінен келген 5 мыңнан астам азамат пара беру арқылы жұмыс істеуге және елде тұруға рұқсат алған.

Аталған заңсыз әрекетке көші-қон қызметінің қызметкерлері мен Астанадағы «Азаматтарға арналған үкімет» филиалының өкілдері қатысқаны белгілі болды.

Іс пара алу және беру, делдалдық жасау, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және алаяқтық баптары бойынша сараланған. Жиналған материалдар сотқа жолданды.