Алматыда Сейфуллин даңғылы бойындағы мейрамханаға заңсыз қосылған қабат сот шешімімен бұзылды, деп хабарлайды Dala News.
Қалалық құрылыс бақылау басқармасының мәліметінше, нысанға жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында террасада орналасқан 165 шаршы метрлік қосымша құрылыс ешқандай рұқсат құжаттарынсыз салынғаны анықталған.
Осыған байланысты нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, кейін Бостандық аудандық сотына талап арыз берілген. Бірінші сатыдағы сот басқарманың талаптарын қанағаттандырып, заңсыз салынған қабатты бұзу туралы шешім шығарды.
2025 жылғы 16 шілдеде Алматы қалалық соты бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.
Сот шешімін орындау аясында мейрамхана иесі заңсыз салынған қабатты өз еркімен бұзды.
