Павлодардағы KSP Steel кәсіпорнында әйел қызметкер биіктен құлап, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 30 наурыз күні болған. 1979 жылы туған қызметкер жедел түрде қалалық №1 аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқасқа шұғыл операция жасалған. Қазіргі таңда оның жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр.
Оқиғаға байланысты өңірлік еңбек инспекциясы ресми тексеріс бастады. Арнайы комиссия құрылып, оның құрамына жұмыс беруші мен кәсіподақ өкілдері енгізілген.
Комиссия 10 жұмыс күні ішінде оқиғаның барлық мән-жайын анықтауы тиіс.
Қазіргі уақытта жазатайым жағдайдың себептері мен оған кімнің жауапты екені тексеріліп жатыр.
