Зеленский "бар күшін жинап", Трамппен тағы сөйлеспек

Сағыныш Сардарова 19 нау. 2025 15:58 1010

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесетінін мәлімдеді, - деп хабаралайды Dalanews.kz.

Зеленский Финляндия президенті Александр Стуббпен өткен баспасөз мәслихатында бүгін, яғни 19 наурызда Трамппен телефон арқылы сөйлесетінін айтты. Сонымен қатар, ол бұған дейін америкалық және украиналық командалардың сәтті кездесуі өткенін жеткізді.

Ал бүгінгі әңгіме барысында ол Трамптың Ресей президенті Владимир Путинмен әңгімесінің егжей-тегжейін естимін деп үміттеніп отыр.

Владимир Зеленский Украина қазір Ресей алып жатқан Ресей аумақтарын мойындамайтынын мәлімдеді. Зеленский осы және басқа мәселелерді талқылау үшін теңізде де, аспанда да тыныштық болуы керек екенін жеткізді.

Зеленскийдің АҚШ-қа сапары

2025 жылы 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-қа ресми сапармен барды. Оның ұшағы Joint Base Andrews әуе базасына қонды. Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, кездесу барысында екі елдің басшылары сирек кездесетін металдар туралы келісімге қол қояды деп күтілді. Алайда олар кездесуде дауласып қалды. 

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге 28 ақпанда АҚШ-қа Украинаның табиғи ресурстарына құқық беретін келісімге қол қою үшін келетінін айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар