Тоқаев “Халықтық құрылыс” бағдарламасының қаржысын бақылайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды

Тоқаев “Халықтық құрылыс” бағдарламасының қаржысын бақылайтын мемлекеттік комиссия құруды ұсынды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Халықтық құрылыс" бағдарламасына бөлінетін бюджет қаражатын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, комиссия бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған ақшаның қайда және қалай жұмсалып жатқанын қадағалайды.

"28 қазан күні дәстүрлі Жолдауымда айтқан “Халықтық құрылыс” бағдарламасын жүзеге асыру барысында бюджет қаражатының жұмсалуын бақылайтын мемлекеттік комиссия құру қажет деп санаймын", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев комиссия жұмысына мемлекеттік органдармен қатар қоғам өкілдері де тартылатынын атап өтті.

"Комиссия құрамына бірқатар салалық ведомство басшылары, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттары, Халық кеңесінің мүшелері, қоғам қайраткерлері, белсенділер, волонтерлер мен журналистер кіреді", – деді Мемлекет басшысы