Қазақстандық танымал комик Нұрлан Сабуровтың Қытайдағы гастрольдері өтпей қалуы мүмкін. Сәуір айының басына жоспарланған Бейжің, Гуанчжоу және Шанхай қалаларындағы концерттері өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды Dalanews.kz.
4 сәуірге белгіленген Шанхайдағы концерт ұйымдастырушыларға тәуелсіз себептерге байланысты тоқтатылған. Ал 2 сәуірде Гуанчжоуда және 3 сәуірде Бейжіңде өтуі тиіс басқа да концерттер де қауіп астында. Бейжіңдегі концертке билеттер сатылымы әлі басталмаған.
Комиктің стендап кештеріне билеттер бағасы 30 мыңнан 120 мың теңгеге дейін бағаланған.
Еске салайық, 30 қаңтарда Нурлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынған. Ал ақпан айының ортасында Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті комикке қатысты тексеру шараларын бастағаны белгілі болды.
