Қазақстанда халық саны 20,5 миллионнан асты

Қаракөз Амантай 02 сәу. 2026 14:38

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың наурыз айының басында ел тұрғындарының жалпы саны 20 532 240 адамға жеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басынан бері халық саны 32 418 адамға артқан. Оның ішінде 28 835 адам табиғи өсім есебінен (туу көрсеткішінің артуы) қосылса, 3 583 адам көші-қон нәтижесінде тіркелген.

Қазіргі таңда қазақстандықтардың басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала халқының саны 13 миллионнан асса, ауылдық жерлерде 7,4 миллион адам тұрып жатыр.

Ең ірі қала – Алматы. Мұнда 2,35 миллионнан астам адам өмір сүреді. Содан соң Түркістан облысы (2,15 млн) және Астана қаласы (1,64 млн).

Ал халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Бұл аймақта 219 мыңға жуық адам тұрады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove