KIA зауытының ұжымы жаңа Конституцияны қолдайтындарын мәлімдеді

Dalanews 04 нау. 2026 19:37

KIA автокөлік зауыты - Қазақстандағы жаңа әрі жоғары технологиялық өндіріс орындарының бірі. Кәсіпорынның өндірістік алаңы 2025 жылдың қазан айында ірі инвестициялар мен елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың қолдауы арқасында іске қосылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зауыттың жобалық қуаты жылына 70 мыңға дейін автокөлік шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорын қарқынды дамып келеді, ұжым қатарына жас мамандар белсенді түрде тартылуда. Зауыт толық қуатына шыққан кезде мұнда шамамен 1500 адам жұмыс істейтін болады.

Бұл - заманауи өндіріс орны. Кәсіпорын технологиялық жағынан еліміздегі ең роботтандырылған автозауыттардың бірі саналады. Өндіріс процесіне 70 өнеркәсіптік робот тартылған.


Зауыт ұжымы үшін жаңа Конституция жобасында еңбек қауіпсіздігіне кепілдік берілуі, әділ еңбекақы төлеу қағидаттарының бекітілуі және жұмысшылардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілуі маңызды.

"Біз жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумды қолдаймыз. Өйткені мықты экономика, ең алдымен, адам еңбегіне деген құрметтен басталады. Біз – даму үшін, біз – Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс береміз", - дейді кәсіпорын өкілдері.

Қазіргі заманғы өнеркәсіп пен қорғалған еңбек -  экономикалық өсімнің және ертеңгі күнге деген сенімнің берік негізі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove