Шетелдегі борышкерлерден алимент өндіру неге қиын — Мұсралинов себебін түсіндірді

Қаракөз Амантай 04 нау. 2026 13:50

Қазақстанда ТМД елдерінен тыс мемлекеттерде тұратын ата-аналардан алимент өндіру мәселесі әлі де күрделі болып отыр. Мәліметке сәйкес, мұндай жағдайда сот шешімдерінің орындалу деңгейі небәрі 16 пайызды ғана құрайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Асылбек Мұсралинов бұл көрсеткіштің төмен болуын бірнеше себеппен түсіндірді. Оның айтуынша, әр мемлекеттің заңнамасы әртүрлі болғандықтан және алимент төлеуге міндетті адамдардың нақты қай жерде жүргенін анықтау қиын болғандықтан, сот шешімдерін орындау күрделене түседі.

Ал ТМД елдері арасында бұл мәселе біршама оң шешімін тауып келеді. Минск және Кишинев конвенцияларының аясында алимент өндіруге қатысты жолданған өтініштердің шамамен 90 пайызы орындалады.

Осыған байланысты Мәжіліс аталған халықаралық келісімдерге енгізілген өзгерістерді ратификациялады. Жаңа түзетулерге сәйкес, алимент өндіру туралы сот бұйрықтары ТМД-ға мүше мемлекеттердің аумағында өзара танылып, мәжбүрлі түрде орындалуы тиіс. Бұл шара балалардың құқығын қорғауды күшейтіп, алимент өндіру тетігін тиімдірек етуге бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove