Түркістан облысының Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылында серіктестік аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бастырма мен престелген шөптің жалынға оранғанын анықтады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт шамамен 12 мың тонна шөпті шарпыған.
Тілсіз жауды сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерімен қатар орман шаруашылығы, Қорғаныс министрлігі және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды.
Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталып жатыр.