Шымкентте 292 салымшыны сан соқтырған күдікті ұсталды

Шымкентте 292 салымшыны сан соқтырған күдікті ұсталды
Фото: ЖИ

Шымкент қаласында тұрғын үй құрылысына қатысты ірі алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам қолға түсті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті сыбайластарымен бірге Астанада тұрғын үй кешенін салуға қаржы жинаған. Алайда құрылысқа қажетті рұқсат құжаттары болмаған әрі жоба мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Тергеу дерегіне сәйкес, бұл іске байланысты 292 адам жәбірленуші деп танылған. Оларға келтірілген жалпы шығын 4 млрд теңгеден асады.

Күдікті ұзақ уақыт бойы Шымкентте бой тасалап, ізін жасыру үшін жалдамалы пәтерлерін жиі ауыстырып отырған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.