Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Сағыныш Сардарова 04 нау. 2026 17:02

Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

  • Еңбек жолын 2006 жылы "Деловая неделя" газетінде тілші болып бастаған.
  • 2006–2011 жылдары - "Деловая неделя" газетінде тілші, редактор, бас редактордың орынбасары.
  • 2011–2012 жылдары - "Жетісу жастары" жастар орталығы" МКҚК директоры.
  • 2012 жылы - Алматы облысы жастар саясаты орталығының директоры.
  • 2012 жылы - Алматы облысы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі.
  • 2012–2016 жылдары - Алматы облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы, басшысы.
  • 2016–2020 жылдары - Алматы облысы ішкі саясат басқармасының басшысы.
  • 2020–2021 жылдары - Алматы облысы әкімінің орынбасары.
  • 2021–2022 жылдары - Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі.
  • 2022–2023 жылдары - Жетісу облысы әкімінің орынбасары.
  • 2024 жылдан бастап қазірге дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove