Қарағанды облысында Донецк Халық Республикасында өндірілген кәмпиттердің сатылымға шыққанына байланысты тексеріс басталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Қарағанды облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мониторинг жұмыстарын бастаған. Тексеру қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, егер заңбұзушылықтар анықталса, жиналған материалдар белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті органға жолданады.
Ведомство сондай-ақ өнімнің қаптамасында қазақ тілінде міндетті ақпараттың болмауы таңбалау талаптарын бұзу болып саналатынын атап өтті. Мұндай жағдайда қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қолданылуы мүмкін.
