Freedom Inside '26

Президент қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Президент қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
Ақорда

Мемлекет басшысы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ, аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Бұл жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.