Алматының Алатау ауданында Боралдай – Ақсеңгір учаскесінде жаңа теміржол вокзалын салу үшін жер телімдерін мемлекет қажетіне алу рәсімі басталады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жоспар бойынша, «Алматы-3» вокзалының құрылысына байланысты барлығы 52 жер телімі алынуы мүмкін.
Билік өкілдері жер телімдерін сатып алу және рәсімдеу жұмыстары 2028 жылдың соңына дейін толық аяқталатынын мәлімдеді. Меншік иелеріне қолданыстағы заңнамаға сәйкес өтемақы төленеді.
Қосымша ақпаратты Төле би көшесі, 155-үй, 6-қабат, 602-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
