SCAT Маскаттан 314 қазақстандықты елге жеткізді

SCAT Маскаттан 314 қазақстандықты елге жеткізді
pixabay.com
SCAT әуе компаниясы Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша арнайы рейс орындады, деп хабарлайды Dala news.

SCAT әуе компаниясы Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша арнайы рейс орындады, деп хабарлайды Dala news.

Boeing 767 әуе кемесімен орындалған DV5361 рейсі нәтижесінде Қазақстанға 314 адам жеткізілді. Олардың арасында балалармен бірге сапарлаған жолаушылар да бар.

Қазіргі уақытта шетелде жүрген Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары мүдделі мемлекеттік органдар мен әуе тасымалдаушылардың үйлестіруімен жалғасып жатыр.