Атырауда экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Атырауда экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды
ҰҚК

Атырауда экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды, деп хабарлайды dalanews.kz.

30 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Атырау қаласында сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде бір мезгілде 10 адамды ұстаған.

Олар экстремистік топ құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ, терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыруға қатысты күдікке ілініп отыр.

Тергеу нұсқасы бойынша қылмыстық топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылыс негіздерін күшпен өзгерту мақсатын көздеген. Фигуранттардың тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту барысында атыс қаруы, есірткі, діни әдебиеттер және өзге де заттай дәлелдер тәркіленген.

Олар құрған 3 жасырын оқу орталығының қызметі тоқтатылды, ол балалар мен жасөспірімдерге арналған. Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін террористік, қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін сотталған.