Қасым-Жомарт Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысы трамваймен Республика даңғылынан "Инженер" аялдамасына дейін жүріп өтіп, атқарылған істің сапасын және жаңартылған көлік инфрақұрылымы пайдалануға толығымен әзір екенін көрді.
Qarmet компаниясы трамвайды қала халқының игілігіне екі жыл бұрын берген болатын. Содан бері қоғамдық көлік қатынасы 1 миллионнан аса жолаушыны тасымалдаған.
Қалада трамвайға арналған 30 шақырым шойын жол қалпына келтіріліп, ауыстырылды. Жаңадан заманауи 8 вагон сатып алынды. Бұл трамвай кестеге сәйкес тұрақты жүруіне мүмкіндік берді.
Рельсті көлікте жолаушыларға ыңғайлы болуы үшін электрон төлем жүйесі орнатылған, ал Qarmet кәсіпорнының жұмыскерлері мен ардагерлері тегін жүреді.