Түркістан облысында жолды жарыс алаңына айналдырған 6 жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қауіпті маневр жасап, айналасындағылардың өміріне қатер төндірген видеоны анықтаған.
Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, құқықбұзушылыққа қатысы бар 6 жүргізушіні анықтады. Олар 18 бен 32 жас аралығындағы тұрғындар болып шықты.
Тексеріс барысында кейбір көліктерге заңсыз құрылғылар орнатылғаны, ал бірқатар жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарғаны белгілі болды. Бұл іс бойынша 14 әкімшілік хаттама толтырылып, заңсыз орнатылған стробоскоптар тәркіленді. Көліктер айыптұраққа қойылды.