Қазақстанда халық саны өсіп келеді. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылғы 1 қазанда ел тұрғындарының саны 20 633 529 адамға жеткен. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 14 733 адамға көп, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ресми мәлімет бойынша, 1 қыркүйекте Қазақстанда 20 618 796 адам тұрған. Осылайша, бір ай ішінде ел халқының саны тағы өскен.
Қазір Қазақстан тұрғындарының басым бөлігі қалаларда тұрады. Қала халқының саны 13 254 158 адам болса, ауыл тұрғындарының саны 7 379 371 адамды құраған. Яғни ел халқының 64,2 пайызы қалада, ал 35,8 пайызы ауылдық жерлерде өмір сүреді.
Халық саны бойынша Алматы қаласы бірінші орында тұр. Мұнда 2 348 103 адам тұрады. Екінші орында 1 639 176 тұрғыны бар Астана қаласы орналасқан. Ал үшінші орынға 1 294 050 адам тұратын Шымкент қаласы жайғасқан.
Облыстар арасында Түркістан өңірі көш бастап тұр. Мұнда 2 149 205 адам тіркелген. Одан кейін Алматы облысы 1 596 532 тұрғынмен екінші орында болса, Жамбыл облысында 1 215 656 адам тұрады.
Ал Қазақстандағы халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Ресми статистикаға сәйкес, мұнда барлығы 219 049 адам тұрады.