Ташкент қаласында халықаралық Dostlik Cup 2026 футбол фестиваліне қатысуға барған қазақстандық жас футболшылар уланып қалды. Оқиғаға қатысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
СІМ мәліметінше, медициналық көмекке мұқтаж барлық қазақстандық бала Өзбекстандағы арнайы медициналық мекемелерге жеткізілген. Қазір оларға қажетті ем көрсетіліп жатыр.
«Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен балалардың туыстарымен және медициналық мекемелермен байланыста. Бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында», – деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі дүйсенбі күні.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ташкентте қазақстандық жас футболшылардың уланғаны туралы ақпарат тараған. Threads желісіндегі қолданушылардың бірі балалардың таңғы астан кейін жағдайы нашарлағанын жазған.
Оның айтуынша, балалардың дене қызуы көтеріліп, іші ауырған.