АҚШ-тың Флорида штатында Learjet 60 жеке бизнес ұшағы апатқа ұшырады. Борттағы тоғыз адамның бәрі қаза тапты. Ұшақ құлаған сәт видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды dalanews.kz.
АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффи әуе апаты 1 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 12:50 шамасында Палм-Бич округінде, Гринэйкрс қаласына жақын жерде болғанын айтты.
АҚШ Федералдық авиация басқармасы (FAA) мәліметінше, ұшақ Техас штатындағы Остин қаласынан ұшып шығып, Багам аралдарына бет алған. АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффи борттағы тоғыз адамның бәрі қаза тапқанын растады. Ол бұл оқиғаны жантүршігерлік қайғылы жағдай деп атады.
Aviation International News басылымы мәліметінше, апат алдында ұшқыштар ұшақты мұз басуы, жауын-шашын және күн райы қатты құбылып тұрғаны туралы айтқан.